eng-kk-tech-dictionary icon indicating copy to clipboard operation
eng-kk-tech-dictionary copied to clipboard

compress сөзінің аудармасы

Open aishuak128 opened this issue 9 months ago • 3 comments

General парақшасында сіз compress сөзін сығу деп аударыпсыз. Дұрысы қысу болады деп ойлаймын.

Мысалы: файлды қысу, қысу алгоритмы

Кейде біртүрлі естілер, бірақ меніңше сығу деген сөз мүлде келіп тұрған жоқ. Мүмкін басқа бір сөз аударымын дәлірек жеткізер.

aishuak128 avatar Apr 30 '24 10:04 aishuak128

Ойланатын зат екен.

Өз басым "сығу" сөзін қолдандым, өйткені compress аудармасы ретінде көп жерде қолданылып кеткен.

Тағы кісілердің пікірлерін күтейік (болса егер әрине).

son-of-Altay avatar May 01 '24 13:05 son-of-Altay

Жәй ұсыныс ретінде ықшамдау, нығыздау неген нұсқаларды де талқылап көрейік. Ықшамдау деген әдемі естілетін сияқты. Файлды ықшамдау, ықшамдау алгоритмы

Ablay avatar May 02 '24 09:05 Ablay

Сығу сөзі - қысу арқылы бір заттан арылу дегенді білдіреді деп түсінемін. Мысалы, матадағы судан арылу. Ықшамдау деген дәлірек келеді дегенмен келісемін @Ablay. Себебі, менім ойымша, бір заттың кішкене нұсқасын алуды мензейді.

oitan avatar May 02 '24 11:05 oitan

@aishuak128 @Ablay @oitan @ardakshalkar @Saryarqa

Әзірше "Сығу" сөзін @sab1tm -тің https://github.com/son-of-Altay/eng-kk-tech-dictionary/pull/4 PR-і арқылы келген "Қысу" аудармасына ауыстырдым.

Бірақ бұл сұрақ ашық күйі қала берсін.

"Қысуға" ауыстырғанымызға келіспесеңіздер, айтыңыздар!

son-of-Altay avatar May 06 '24 12:05 son-of-Altay